«Пусть будет мир без слёз» поэтикалық марафоны

3 мамыр күні облыстық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімінде Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнін мерекелеуге арналған «Пусть будет мир без слёз» поэтикалық марафоны өтті.
Марафонға кітапхананың тұрақты оқырмандары қатысты.

Күні бойы оқырмандар М.Әлімбаев, Жамбыл, Д. Әбілев, А. Твардовский, Э.Асадов, Ю.Друнина, К.Симонов және көптеген соғыс ақындарының шығармаларын орындады. Сыйлық ретінде марафон қатысушыларына Жеңіс ленталары табысталды.
Акция отансүйгіштікке, Отанға деген мақтанышқа, Ұлы Отан соғысы жылдарында қайтыс болғандарға және аман қалған ардагерлерге, аға ұрпақ өкілдеріне алғыс сезімін тәрбиелеуге бағытталған.