«Қазақ радиосы – халық үні»

Осы жылдың 14-желтоқсанында С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада Қазақстанның Құрметті журналисі, Құрмет орденінің иегері, журналист Ғалия Балтабайдың «Қазақ радиосы – халықтың үні» атты жаңа кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.

Шараға зиялы қауым өкілдері, облыстық «Халық радиосының» ұжымы, кітапханашылар мен студенттер қатысты.

Биыл «Қазақ радиосының» іргетасы қаланғанына 100 жыл толып отыр! Осыған орай жарық көрген жаңа кітапқа «Қазақ радиосның» негізін қалаған алдыңғы толқын аға буын өкілдерімен қоса еселі еңбек етіп жүрген жас журналистердің де есімдері енген.