Р. Мұхамеджановтың кітабының тұсаукесері

10 шілдеде облыстық кітапханада павлодарлық ақын Рафаэль Мұхамеджановтың «Мысли как листья...» атты алғашқы кітабының тұсаукесері өтті. Шара барлық санитарлық нормаларға сәйкес өткізілді, Facebook-те тікелей эфир болды. Офлайн отырысқа қатысушылар ұсынылған кітаптан алған әсерлерімен, автормен кездесу туралы естеліктерімен бөлісті. Кітапта тек поэзия ғана емес, публицистика, очерктер де бар. Одан басқа, жинаққа әндері жазылған өлеңдер де енгізілген. Сол әндердің бірін автор музыкант Сергей Казаковтың сүйемелдеуімен орындады.

Р. Мұхамеджанов кітапханаға қолтаңбасы бар кітапты сыйға тартты. Жақын арада жинақ Павлодар облысының бірыңғай интернет-кітапханасында жарияланып, көпшілікке қол жетімді болады.