«Web – Рабис бағдарламасындағы жұмыс»

17 қараша күні «Кәсіби шеберлік мектебі» аясында кітапхананың жас мамандарын оқыту бойынша «Web – Рабис бағдарламасындағы жұмыс» тақырыбында кезекті семинар өтті.

Бағдарламада бес модуль бар: «Комплектование», «Каталагизатор», «Іздеу және тапсырыс беру», «Кітап беру» және «Оқырмандарды тіркеу». Деректер базасын жүргізу кезінде оларды пайдалану өте ыңғайлы ғана емес, сонымен қатар пайдалы, өйткені библиографиялық сипаттаманы құрастыру уақыты қысқарады, ал каталогтаудағы стандарттаудың жоғары деңгейіне қол жеткізіледі. Жас кітапханашылар мұндай оқу курстарында теориялық білім алып қана қоймай, практикалық дағдыларды игереді, негізгі технологиялық кітапхана процестерін меңгереді, өзін-өзі тәрбиелеумен айналысады.

Өлкетану библиографиясы және цифрлық технологиялар бөлімінің қызметкерлері толық мәтінді және гипермәтіндік деректер базасын құру, құжаттардың толық мәтіндерімен және олардың аудио-бейне-интернет-қосымшаларымен жер шарының кез келген жерінен жұмыс істеу, мобильді құрылғылар арқылы электрондық каталогтарды қарау жолдарын айтып берді.