РАУЗА МҰСАБАЕВАНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШІ

27 қыркүйек күні облыстық кітапханада 2009 жылы Берлинде (Германия) өткен неміс көркем шығарма аудармашыларының Дүниежүзілік Коллоквиумына қатысқан, гранттың жеңімпазы Мұсабаева Рауза Молдайыпқызымен кездесу өтті. Халықаралық деңгейдегі аудармашы отыз үш жылдан бері неміс тілінен тікелей қазақшаға Германия, Австрия, Швейцария, Франция және ресейлік неміс авторларының көркем шығармаларын, новеллаларды, криминалдық әңгімелерді, танымдық дүниелерді, бүгінгі заман ертегілерінінің аудармаларымен айналысады.

Ұстаз, журналист, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі Рауза Мұсабаеваның «Телтума - менің тағдырым» атты шығармашылық кешіне филология факульттерінің оқытушылары мен студенттері, мектептердің тіл мамандары, аудармашылар, облысымыздың шығармашыл қауымы қатысты. Кездесуде тағы да бір неміс авторларының қазақшаға аударылған «Таңғажайып глобус» атты жаңа жинақтың тұсауы кесілді. С.Торайғырова атындағы ПГУ-нің студенттерінің орындауында қазақ және орыс тіліндерінде атақты неміс ақындарының шығармалары орындалды. Музыкалық сәлемдемелерімен дарынды балаларға арналған музыкалық мектептің оқушылары өнерлерін көрсетті.