«Ұлттың рухани көсемі» республикалық оқырман конференциясы

28 ақпан күні облыстық кітапханада «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына арналған «Ұлттың рухани көсемі» атты республикалық оқырман конференциясы өтті. Аталмыш шараға А.Байтұрсыновтың қалдырған рухани мұрасын толық игеріп, жастарға жеткізу мақсатында өңіріміздің белгілі ғалымдары мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Сондай-ақ ақынның туған жері Қостанай облысы да онлайн форматта қосылып, А.Байтұрсынов атындағы музей басшысы Гүлбану Сәрсеке жолдаған арнайы бейнекөрсетілім қойылды. Ахмет Байтұрсынұлының жерлесі, Ахметтанушы, ғалым Ибраһим Ағытай ZOOM – платформасы арқылы баяндама жасады. «Ахмет Байтұрсынов - тіл білімінің негізін салушы», «Ахмет Байтұрсынов – Түркітанудағы ролі», «Алаштың рухани көсемі» сынды тақырыптарда ф.ғ.к., Торайғыров университетінің профессорлары Елікбаев Серік Төлеубайұлы,  Капасова Бақытгүл Қасымбайқызы, ф.ғ.к., доцент Әміренов Әділбек Дәуітбекұлы, ф.ғ.д., Бекен Сағындықұлы,  Павлодар педагогикалық университетінің профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Айткенов Зият Шайманұлы, ақын, журналист, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Еламан Хасенұлы Қабділәшім, ақын, сатирик, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Алпысбай Әбділұлы Хонж баяндама жасады.  Сонымен қатар Павлодар педагогикалық университетінің филология факультетінің, химия-механикалық колледж студенттері баяндаманы қызығушылықпен тыңдап, өз ойларын ортаға салды.