«РЕТРО кеш»

«РЕТРО кеш», Облыстық балалар әдебиеті бөлімінің қалыптасуына орай 60 – жылдардағы стильде және де кітапханамыздың 60 – жылдық мерейтойына арналған. Кітапханалық кешіміздің бағдарлама алаңында: 1959 ж басылып шығарылған , «Барлық уақытқа тән сүйікті кітаптар» атты кітап көрмесі; «Та самая Барби» (1959 ж алғашқы рет Барби қуыршақтары сатылымға шықты) атты қуыршақтар көрмесі; «Ускользающее время» кино – викторина сияқты бағдарламар кешіміздің сәнін келтірді.Барлық кеш бойы «Хиты 60-х» атты би алаңы, «Стоп-кадр» атты фото – ателье сонымен қатар коктейль – холл өз жұмыстарын жасады.

Тамаша билерімен ансабльден құралған «Ертіс» би тобы мен «Juldyzdar» атты би студиясы өнерлерін көрсетті.

Кешіміздің қатысушылары үлкен буын тұлғалары өздерінің балалық және жастық шақтарын бір еске түсіріп алды, ал жас буын болса – сол кездегі адамдардың қалай өмір сүргендерін көріп және бір сезініп қайтты.