«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы «Библиофреш»

19 қараша күні  «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» бағдарламасын жүзеге асыру аясында  Павлодар қаласының №20 мектеп-лицейінің ұстаздары мен оқушыларына халықаралық кітап секторының қызметкері облыстық кітапхананың желілік ресурстары мен «100 жаңа кітапқа» бағытталған шолу өткізді. Іс-шара мемлекеттік тілге аударылған әлем әдебиетінің туындыларымен таныстыру мақсатын көздеді. Көрермендер кітапхана қорында бар әлемдік туындылардың қазақ тіліндегі  нұсқаларымен жақынырақ танысуға мүмкіндік алды. Онлайн презентацияға Инновациялық Еуразия университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Имамбаева Ғайша Ертайқызы да қатысып,  өз кезегінде гуманитарлық ғылымдардың маңызын атап өтті. Кездесу соңында  лицей ұстаздары мен шәкірттері ұсынылған ақпараттың мәнін атап көрсетіп, пікірлерін білдірді.