Румын киносының кеші

24 сәуір күні облыстық кітапханада румын киносының кеші өтті. Шараға келген қонақтар - «Буковина» румын этномәдени бірлестігінің өкілдері, Қ. Даржұман атындағы Ұлттық жаңғыру мектебінің оқушылары «Выходим на первой» және «Обезглавленный петух» фильмдерін тамашалады. Кешке Румыния елшісі Чезар Армяну қатысты.
Облыстық кітапхана қызметкерлері румын халқының тарихы, мәдениеті мен салт-дәстүріне арналған «Достықтың дархан ұясы» көрмесін дайындады.