Ұлы Жеңіс күні құтты болсын!

Ұлы Жеңіс күні құтты болсын! Жыл сайын бұл мейрам уақыты бізден алыстап барады. Осыған қарамастан, бабаларымыздың бостандық, намыс, бейбіт өмір үшін жасаған ерліктерін ешқашан ұмытпауымыз керек.

Осынау мейрамда ең алдымен бейбітшілік тілегіміз келіп отыр. Адам өмірі мен аналар көз жасы, көп адамның ойрандалған тағдырынан асатын қасіретті жағдай, сірә, жоқ шығар?!

Бұл жеңіс тек жақсылықтарға, отанға деген махабаттың артуына жетелесін. Ешкім ешқашан соғыс көрмесін дегіміз келеді.