С. Торайғыров атындағы облыстық кітапхананың залдарына виртуалды саяхат

№39 мектептің 9, 11 сынып оқушылары С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхананың залдарына виртуалды саяхат жасады. Оларға мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Жанашыр» орталығы, кітапхананың кітап қоры, оқу залы, абонемент, халықаралық кітап секторы жайлы фильм көрсетілді.

Сондай–ақ, балалар «30 тәулік – 30 кітап» акциясы, «Экологиялық күнделік», «Менің мамандығым – менің таңдауым», «Майданнан келген хат», «Абаймен серуендеу» (Абай шығармашылығы туралы дәрістер), «Жыр мен жыршы» және «Ене мен келін» және т.б. онлайн акциялары және жобалары таныстырылды.