«Сайлаушылармен кездесу»

17 мамыр күні облыстық кітапханада Қазақстан Республикасы Президенттігіне үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевтың сенім берілген өкілдерінің кітапхана жүйесінің қызметкерлерімен сайлау алды кездесуі өтті. Кездесуді қалалық штаб басшысының орынбасары Қобыланбек Қожин ашты. Ол сенім берілген адамдармен таныстырды - педагогикалық ғылымдардың кандидаты, ПМПУ психология кафедрасының доценті Бұлғұн Жалмағамбетова, ПМПУ –нің мәдениеттану саласының кандидаты, жалпы биология кафедрасының доценті Валентина Алиясованы және жастар қозғалысының белсендісі, «Жасыл Ел» қалалық штабының командирі Ризат Рахымжанов. Бұлғұн Жалмағамбетова жиналғандарға Қасым-Жомарт Тоқаевтың өмірбаянын әңгімеледі. Валентина Алиясова сайлау алды платформасының негізгі тезистерін таныстырды «Сабақтастық! Әділдік! Өрлеу!». Ринат Рахымжанов тұрақтылыққа кепілдік беретін үміткер үшін дауыс беруге шақырды. Шара соңында Қазақстан Республикасы Президенттігіне үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевтың сенім білдерген өкілдері сайлауға қатысуға шақырды.