«Салауатты Қазақстан мен ғаламшар» атты виртуалды кездесу

22 сәуірде Халықаралық кітап секторында осы күні атап өтілетін Халықаралық Жер күніне арналған «Салауатты Қазақстан мен ғаламшар» тақырыбында виртуалды кездесу өтті. АҚШ-тың Нұр-Сұлтандағы Елшілігінің қызметкері Гаррет Харрис Қазақстандағы шығарындылар статистикасына, климаттың өзгеруіне қатысты мәселелерді көтеріп, Америка Құрама Штаттарындағы мысалдарды келтіре отырып, жасыл энергия, орман өсіру және зияткерлік ауыл шаруашылығы сияқты алдын-алу шараларын ұсынды. Іс-шараға Қазақстанның түкпір-түкпірінен 170-тен астам адам қатысты - негізінен колледждер мен университеттердің студенттері мен оқытушылары болды. Сөз сөйлеу барысында аудитория тақырыпқа қатысты сұрақтар қойып, ауа сапасы тақырыбында эфирдегі талқылауды жалғастыруды ұсынды. Kahoot интерактивті ойыны онлайн-кездесудің қорытындысын шығарып, Павлодар және Шымкент қалаларынан 5 жеңімпазды анықталды, олар жүлде - жер пішіндес сөмкелермен марапатталатын болады.