Салаутты өмір салты және егде жаста аурулардың алдын алу

27 қараша күні облыстық кітапханада «Салауатты өмір салты және егде жаста аурулардың алдын алу» атты СӨС клубының отырысы өтті. Іс-шараға №2 поликлиниканың медицина қызметкері И. В. Тунник шақырылды, ол өз сөзінде «салауатты өмір салты» және «аурулардың алдын алу» сөздері қарт адамдарға толық қатысты екенін атап өтті. Ешкім өзін аурушаң сезініп, картайғысы келмейді. Егер де толыққанды, белсенді өмір сүріп, мүмкіндігінше жеткілікті демалып, дұрыс тамақтана білсе, қартайған шақта қоғамға да, өзіне де көп пайда әкелуге болады.