«Сарыарқа самалы» газетіне - 90 жыл

7 ақпан күні облыстық кітапханада «Аймақ өмірінің айнасы» атты кітап көрмесі ашылды. Көрмеге Павлодар өңіріндегі қазақ баспасөзінің тарихынан сыр шертетін облыстық кітапхананың қорынан жинақталған бірнеше ондаған кітаптар мен «Сарыарқа самалы» газетінің қорынан алынған фотоматериалдар қойылған.
«Қызыл ту» газетінің тұңғыш редакторы болған қазаққа әйгілі Бейсенбай Кенжебаев және де 30-50-70 жылдары ұлт баспасөзінің өркендеуіне зор үлес қосқан журналистер, басылымы көрмеге қойылды. Тәуелсіздік жылдарындағы «Сарыарқа самалы» газеті басылымының бейнесімен, басылым бастауында тұрған алыптарымыздың ақ жолын жалғастырған газеттің қазіргі қаламы ұшқыр, ойы зерек ұжымымен оқырмандар танысып қана қоймай, 2014 жылы алған Қазақстан Журналистер академиясының жалпыұлттық «Алтын Жұлдыз» дипломы мен алғыс хаттарын, «Сарыарқа самалы» газетінің 15000-ыншы нөмірін тамашалай алады. «Еселі еңбегімен із қалдырған» бөлімінде белгілі және жергілікті журналистердің шығармалары қойылған. Қазақстанның халық жазушысы Әзілхан Нұршайықов, танымал жерлес ақын–жазушыларымыз Қалмұқан Исабаев, Қалижан Бекхожин, Ғалымбек Жұматов, Төлеубек Қоңыр, Шолпан Байғалы, Асыл Әбіш, Нұрбол Жайықбаев және т.б. «Ұлағат» ардагерлер бірлестігінің мүшелері көрменің бірінші көрермендері болды.