«Сатира - өмір айнасы» атты әдеби кеш

23 қыркүйекте С.Торайғыров атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада өткен «KitapTime 2022» жалпыреспубликалық фестивалі Фестиваль аясында «Сатира – өмір айнасы» атты әдеби кеш ұйымдастырылды. Әдеби кештің құрметті қонағы ретінде жас қалам иегері, сатирик – жазушы, «Алтын қалам-2020» байқауының жеңімпазы Хонж Алпысбай Әбділұлымен кездесу болды.

Алпысбай Әбділұлы 2021 жылы балалар әдебиеті және сатира жанры бойынша республикалық тәуелсіз «Алтын қалам-2020» байқауының жеңімпазы атанды. «Әріпті соттау» атты жеке сатиралық жинағы да 2020 жылы жарық көрді. Биыл республикалық «Серт» детективті жанрлар байқауына «Екеудің көлеңкесі» повесімен қатысып, 2-орын иегері атанды.

Жазушы өз шығармашылығы туралы, жалпы сатира жанры туралы әңгіме қозғады. Тыңдаушылар арасында бұл кездесу үлкен қызығушылық тудырды. Шараға жас оқырмандар, студенттер қатысты.