«Сәуле – ғұмыр» атты дөңгелек үстел

26 Тамыз күні Шарбақты ауданында ақын, Қазақстанның халық жазушысы, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, балалар әдебиетінің бағбаны Мұзафар Әлімбаевтың 100 жылдық мерейтойы аталып өтті.

Мерейтой аясында С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхана Шарбақты аудандық орталық кітапхана базасында «Сәуле – ғұмыр» атты дөңгелек үстел ұйымдастырды. Сондай-ақ облыстық кітапхана қорынан арнайы оқырмандар мен қонақтар үшін жазушының шығармашылығына арналаған «Балалар жаршысы – Мұзафар Әлімбаев» атты кітап көрмесімен бірге Павлодар қаласының № 1 балалар көркемсурет мектебі жазушының шығармалары желісі бойынша салынған суреттер көрмесін ұсынды. Сонымен қатар шара барысында облыстық кітапхана дайындаған мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған ақынның «Өскеніңді ел көрсін» шығрамасының Брайль қарпімен басылып шыққан және аудио кітабының тұсаукесері өтті.

Аталған шараға Павлодар облысы әкімінің орынбасары Айзада Құрманова, Қазақстан Жазушылар одағы Павлодар облыстық филиалының төрағасы, профессор Серік Елікбай, Торайғыров университетінің «Үш тұғырлы тіл» кафедра меңгерушісі, профессор Айман Зейнуллина, әнші, педагог, ҚР еңбек сіңірген әртісі Шахимардан Әбілев және ақынның ұрпақтары Арнұр Мұзафарұлы, Баламер Мұзафарұлы және өңіріміздің зиялы қауым өкілдері қатысты.