Ауылдық кітапхана – әлеуметтік-мәдени орталық

16 қарашада облыстық кітапхана мамандары Ақтоғай ОКЖ-на кітапхананың құжаттамасын толтыруды өзектендіру, есепке алу құжаттарын жүргізу жөніндегі нұсқаулықпен танысу бойынша әдістемелік және практикалық көмек көрсету мақсатында іс-сапармен барды. МЕСТ (ГОСТ) 7.1-2003 «Библиографиялық жазба. Библиографиялық сипаттама» сәйкес құжаттарды библиографиялық сипаттау бойынша практикум өтті, «Онлайн сервистер мен қосымшалар» тренингі, жылдық есептіліктің есепті нысандарын толтыру бойынша әдістемелік кеңес және түсініктемелер, 1-кітапхана, 6НК нысандарын толтыру кезінде жиі кездесетін қателерді талдау берілді.

Кітапханаға заманауи оқырманды тарту бойынша кәсіби диалог өтті, 2023 жылға С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхана мен Ақтоғай ауданының ОКЖ бірлескен іс-шаралары жоспарланған. Аудан кітапханашылары теориялық білім мен практикалық дағдыларды меңгерді, негізгі технологиялық кітапхана процестерін игерді. Ақтоғай ауданының ОКЖ қызметкерлеріне семинарға қатысушыларға сертификаттар табысталды.