Шахматтан отбасылық командалық турнир

Бүгін облыстық кітапханада «ALTYNkids» балалар орталығы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған шахматтан отбасылық командалық турнир болып өтті.

Турнирге 7 команда қатысты: «Анаконда», «Жұлдыздар», «Фейринки», «Алғыс», «Пиранк», «Сырым», «Квадрат». Күрделі және тартысты күресте жүлделі орындарға жеңіске жеткен командалар:
ІІІ орын – Темірбаев Ғабит және Болат Сырым («Сырым» командасы),
ІІ орын – Скрипник Максим және Константин («Анаконда» командасы),
І орын – Балтабаев Бегзат пен Мансур («Акверлік алаң»).

Турнир жеңімпаздары мен қатысушыларын жүлделерімен құттықтаймыз. Келешекте сіздерге жаңа жеңістер тілейміз!