Семинар-тренинг

22-24 қазан күндері аралығында облыстық кітапханада «Интенсивная подготовка кадров для реализации программы модернизации общественного сознания «Рухани жаңғыру» тақырыбында семинар-тренинг өтті. Семинарға мемлекеттік және жергілікті басқару органдарының қызметкерлері, «Рухани жаңғыру» жобалық кеңселерінің басшылары, БАҚ мен қоғамдық ұйымдар өкілдері, студенттер қатысты.

Семинар тақырыбы қызықты және әркелкі болды. Үш алаңда квалификацияланған жаттықтырушылар сабақ өткізді: Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару Академиясы басқару институтының директоры Ерлан Абил, Қазақстандық медиация орталығының директоры И.Виговская, халықаралық сертификатталған жаттықтырушы Р.Рузахунова, қаржы порталының директоры А.Чеботарев, еркін журналист А.Джалдинов, «Мирас» қоғамдық кеңесі мен насихатты-ақпараттық топтың, «Нұр Отан» партиясының мүшесі К.Казбеков. Тренингтер «Рухани жаңғыру» бағдарламасының БАҚ мен әлеуметтік желілерде жоспарлануы мен жылжытылуына, сыртқы және ішкі байланыстың нәтижелі жүргізілуіне, сандық жүйеге көшірілуге, этносаралық саясатқа және т.б арналды.