«Сенің сүйікті кітаптарың» атты әдеби променад

18 тамыз күні С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхана қызметкерлері «БиблиоЛето» жобасы аясында Ертіс жағалауында қала тұрғындары мен қонақтарына «Сенің сүйікті кітаптарың» атты әдеби променад өткізді. Іс-шараға қатысушылар өздерінің сүйікті кітаптары мен кейіпкерлері туралы айтып берді. Оқыған шығармалары туралы өз әсерлерімен бөлісіп, әдеби сұрақтарға жауап берді.