Серік Елікбайдың «Қанжығалы Бөгенбай» кітабының тұсаукесері

7 қараша күні облыстық кітапханада ф.ғ.к., С. Торайғыров атындағы ПМУ профессоры Елікбай Серік Төлеубайұлының «Қанжығалы Бөгенбай» кітабының тұсаукесері өтті. Кітап қазақ қолбасшысы Бөгенбай батыр Ақшаұлына арналған тұңғыш тарихи роман. «ЭКО» баспасынан 1000 дана таралыммен жарық көрген.

Шараға ғалымдар, ақындар, зиялы қауым өкілдері, журналисттер, студенттер қатысты. Қатысушылар кітап жайлы пікірлерімен бөлісіп, авторға жылы лебіздерін білдірді. «Бөгенбай батыр» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.