Ш.Байғалының «Таңшолпан» кітабының тұсаукесері

5 желтоқсан күні облыстық кітапханада ақын, журналист, аудармашы Шолпан Байғалының электронды нұсқадағы жаңа кітабының тұсаукесері өтті. Ақынның өмірбаяндық, деректемелік негізінде жазылған «Таңшолпан» кітабы өзі және қатарлас жүрген тағдырластары туралы әңгімелейді. Кітап көпшілік қауымға арналған.

Аталмыш іс-шараға профессор А.Бахриденова, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі С.Баязитов, «Ұлағат» ақсақалдар қоғамының мүшелері, «Нұр Ана» әлемі бірлестігінің төрайымы - Б.Ш.Максилова, қалалық мәдениет басқармасының маманы М. Нығманов, мәдениет қайраткері С.Жабықбаев, Д.Қайыр, Ж.Сманов, жас ақындар А.Оралхан, Л. Жүнісбекова, журналисте, оқырмандар қатысты.