«ШахМат» танымдық шахматтық турнир

18 шілде күні облыстық кітапханада «ШахМат» танымдық шахматтық турнир өтті. 1966 жылдан бастап Дүниежүзілік шахмат федерациясының бастамасымен Халықаралық шахмат күні 20 шілдеде атап өтіледі. Жыл сайын облыстық кітапханаға әуесқой шахматшылар жиналады. Шахмат тарихына қатысты қызықты фактілер туралы «Болашақ миллионерлер» шахмат академиясының жетекшісі Әділет Жаншуков айтты.
Спорт шеберінің кандидаты, №1 спорт мектебінің түлегі Ислам Дохаев өткізген бір мезгілдік ойынға барлық қызығушылық танытқан адамдар қатысты. Дәстүр бойынша, жасы үлкен (Амангелді Ибраев) және ең кіші (Ерхан Досымбек) іс-шараға қатысушыларға кітап сыйлыққа берілді.
«БЖСМ № 1» директоры Шәріп Кашкенов, «Болашақ миллионерлер» шахмат академиясының жетекшісі Әділет Жаншуков, «Павлодар облысының қарттар мен мүгедектерге арналған арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» басшысы Айман Косдаулетова алғыс хаттармен марапатталды.