Шаңырақ күні

17 наурыз елімізде «Шаңырақ күні» болып белгіленді.

Осы күні отбасылық құндылықтарды дәріптеген, өнегелі ұрпақ тәрбиелеген үлгілі отбасыларға арналған мәдени іс-шаралар өтеді. Осы орайда нәрестеге “Наурыз-базарлық” естелік сыйлық табыстап, құттықтау ұйымдастырылады. Бүгін облыстық кітапхана ұжымы атынан сәби нәрестеге қазақтың үкілі домбырасы , ұлттық аспаптардың суреті бар шоколад сыйланды. Сәбиге домбыра сыйлаудың өзіндік мәні бар. Себебі, ұлттық рухты жас өскінге бесік жасынан бастап сіңіру қажет. Бүгінгі Айша есімді нәресте де тәрбиелі, ұлтжанды, өнерлі болады деп ойлаймыз. Әнші, күйші, өнерге жақын болсын деп, ырымдап ұлттық аспабымызды табыстауға дәстүрлі әнші, домбрашы Әсел Ботаева шақырылды. Ақ жаулықты әже бата беріп, шашу шашты. Атадан қалған баға жетпес мұрамызды жас ұрпақ өз деңгейінде құрметтеп, келер буынға аманат етсе, нұр үстіне нұр болмақ!