Шеберлік-класс «Мұражай педагогикасының тәсілдері»

22 қараша күні облыстық кітапханада «Мұражай педагогикасының тәсілдері» атты шеберлік-класс өткізілді. Іс-шараны «Алтай ауданы Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-ң «Өлкетану залы» бөлімінің меңгерушісі, гуманитарлық ғылымдар магистрі Денис Никитин өткізді.  Денис Никитин  «Өлкетану залы» жұмыстары туралы айтып берумен қатар жұмыс әдістерімен де бөлісті. Шеберлік-класына қатысушылар елді мекендер тарихының сақталып қалу жолдары туралы өз ойларын айтып, қаз қауырсындарымен жазып көрді, петроглифтерді салды. Іс-шара  «Кітапхана – тарихи білім орталығы» атты ғылыми-тәжірибелік конференция шеңберінің аясында өткізілді.