Шеберлік-сынып қорытындысы

Жуырда «Кітапхана - жергілікті тарихты зерттеу орталығы» халықаралық Ресей-Қазақстан жобасы аясында онлайн форматта жүргізілген «Өлкетану подкаст-арнасы. Контентті әзірлеу және толтыру принципі» атты шеберлік-сыныбына қазақстандық және ресейлік кітапханалардың 52 маманы жазылды – мұнда негізінен Павлодар және Новосібір облыстары, Ярославль, Көкшетау және Саха республикасынан да (Якутия) қатысушылар бар, бірақ.... мәреге ең мықтылары жетті. Олар Павлодар және Новосібір облысы кітапханаларының 14 маманы. Кейбір әріптестер арнаны бірге жасады, нәтижесінде 9 подкаст арнасы пайда болды. Бұл әрине жақсы нәтиже – болашақта толықтырылып, пайдаланылатын нақты ресурс! Құрылған арналардың ішінде «Карасук литературный», «Земля – землица»  (балалар кітапханасы), «По следам экспедиций Карасукских поисковиков», «Полтавочка» дәстүрін сақтау (фольклорлық ұжым туралы), «О Багане с любовью», «Жас қалам»  (павлодарлық жас ақындардың өлеңдері), «Истоки» әдеби-музыкалық клуб, «Әжемнің ертегілері», сонымен қатар «PRO Павлодар» өлкетану арнасы бар! Тапсырманы орындаған барлық қатысушылар Новосібір мемлекеттік облыстық ғылыми кітапханасының сертификаттарына ие болды.