«Шегіргүлді гүлденуге дайындаудың агротехникасы»

26 наурызда облыстық кітапханада «Фиалочка» әуесқой гүл өсірушілер клубының отырысы өтті. Гүл өсіруші М.М. Гречкосей ауруға шалдыққан өсімдіктерді қалпына келтіру, ересек гүлдер мен «балақайларды» өсіру агротехникасы бойынша шеберлік сыныбын және тәжірибелік сабақ өткізді. Мысал ретінде үй жинағынан «ЕК-Цветочный водопад», «АЕ-Богема» атты шегіргүлдердің тексерілген сұрыптары таныстырылды. Гүл өсірушілер үшін бөлме өсімдіктерінің шағын көрмесі дайындалды.