«Шоқтығы биік Шоң би»

22 ақпан күні С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада Шоң би Едігеұлына арналған әдеби жиын өтті.

Шара барысында «Шоқтығы биік Шоң би» әдеби кітабының тұсауы кесілді. Сонымен қатар, «Баянның бір шоқтығы Шоң би еді» атты дастандар байқауының марапаттау рәсімі өтті. Қазылар алқасының шешімімен бас жүлде ақын, жазушы, ғалым Серік Елікбайға бұйырды. Аталған кітапқа осы байқауға қатысқан жергілікті ақындардың дастандары жинақталған.