«Сиқырлы музыка әлемі» әдеби-музыкалық кеші

7 қарашада С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхананың «Кітап. Тұлға. Заман» жобасы аясында Успен ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі Павлодар өнірінің белгілі тұлғалары Темірболат Арғынбаев, Қимадиден Нығыманов, Құдайберген Әлсейітов сынды ақын - композиторларға арналған «Сиқырлы музыка әлемі» атты кеш ұйымдастырды.

Кітапханалық қызметкерлер ақын-композиторлардың өмірі мен шығармашылығына арналаған презентацияны таныстырды; әдеби-музыкалық композицияны ұсынды, Құдайберген Әлсейітовтың «Құдайбергеннің желдірмесі» атты әнін орындап, «Танакөз» поэмасынан көрініс қойды; Темірболат Арғынбаевтың «Юрән-ай» әнін Успен ауданы бос уақытты ұйымдастыру орталығының қызметкерлері - Жалым Құнанбай, Жігер Бөкен, Құрметжан Ербақ орындады.

Іс-шараның қатысушылары: Успен ауданы әкімінің орынбасары А.А. Дюсюпова, маслихат хатшысы Р.К. Бечелова, ауданның құрметті азаматы Т.Ш. Байгужитнов, Орталық директоры Б.Ж. Бекенов, Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ш.У.Малдагазинова, Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Е.Н.Дәуенов, мәдениет, тілдерді дамыту, спорт және дене тәрбиесі бөлімінің басшысы М.А. Таускан, С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхана мамандары мен облыс ОКЖ ауыл кітапханашылары.