«Сказка вслух» оқулары

28 наурыз күні балалар әдебиеті бөлімінде №15 мектеп оқушыларының қатысуымен «Сказка вслух» атты оқулар өтті.

Балалар ерекше қызығушылық танытып ертегілерді тыңдады және оқыды, әлем халықтарының ертегілеріне негізделген анимациялық және көркем фильмдерден алынған үзінділерді тамашалады, «Ертегілік викторинаға», «Ертегінің атауын тап» байқауына қатысып, ертегі кейіпкерлері туралы жұмбақтарды шешті. Іс-шара соңында олар өздері ертегі кейіпкерлерінің рөлдерін сомдап, «Репка» орыс халық ертегісін қойды.