«Sketching the World (әлемнің эскиздері)» көрме

18 қаңтардан бастап С. Торайғыров атындағы Павлодар облыстық кітапханасының «Айна» галереясында жас суретші – архитектор Мұса Әділжанның «Sketching the World (Наброски Мира)» атты көрмесі жұмыс жасайды.

Мұса Әділжан – Екібастұз қаласында дүниеге келген, Павлодар қаласындағы көркемөнер мектебінің түлегі, Қазақстанның Дельфий ойындарының 3 дүркін жеңімпазы, И.Е. Репин атындағы Санкт- Петербург мемлекеттік көркемсурет, мүсін және архитектура институтын, Назарбаев Университетін бітірді. Милан политехникалық университетінің студенті.

Көрмедегі жұмыстар скетчинг (sketches) техникасында жасалған. Бұл дизайнерлер үшін және суреттерді пайдаланып өз ойлары мен идеяларын тез жеткізуге мұқтаж адамдар үшін негізгі құрал ретінде пайдаланылады.

Көрмеде автор барған елдерде (Германия, Швейцария, Испания, Англия, Шотландия, Америка, Италия, Франция, Венгрия, Голландия, Чехия, Бельгия, Ресей, Қазақстан, Түркия, Қытай, Таиланд, Араб Әмірліктері және т.б.) жазылған жұмыстар ұсынылған. Эскиздер 2010 жылдан бастап жиналды. Көрерменнің әлемді саяхатшы суретшінің көзімен көруге мүмкіндігі бар. Көрменің «Наброски Мира» атауы түрлі елдер мен дәуірлердің сұлулығын, мәдениетін және сәулетін бейнелейді.