«Сквозь терний к звездам» тақырыбындағы лекторий

30 қаңтар күні облыстық кітапханада Олимпиада чемпионы, конькимен жылдам жүгіру бойынша ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, Павлодар қаласының құрметті азаматы Л.В.Прокашеваның мерейтойына арналған «Өлкетану сабағы» лекторийі өткізілді.

«Дене шынықтыру және спорт» факультетінің тәлімгерлері көптеген байрақты бәсекелерде ел абыройын асқақтатқан Людмила Вячеславқызының әлемдік біріншіліктердегі марапаттары және қазақстандық конькимен жүгіру спорты тарихындағы жалғыз олимпиадалық марапат болып табылатын, 1998 жылғы Олимпиададағы қола жүлдесі туралы өз аузынан есту мүмкіндігіне ие болды. Жиналғандар назарына «История. Личность. Время» атты кітап көрмесі ұсынылды.