«Снежная Королева» Спектаклінің тұсаукесері

18 қаңтар күні облыстық кітапхананың «Вояж» театр-студиясы көпшіліктің назарына «Снежная Королева» атты жаңажылдық, музыкалық қойылымын ұсынды.

Сюжеттің негізіне ұлы Г.Х.Андерсен ертегісінің интерпретациясы алынды: сұлу да сұсты қар ханшайымы Кай есімді баланының жүрегін мәңгілік мұзға айналдырып, өзінің патшалығында алып қалғысы келеді. Көмекке аттанған сүйіктісі Герданың махаббат күші ғана Кайды өмірге қайтаруға қабілетті. Қыздың махаббаты мен ерлігі ханшайымның суық жүрегіне қарсы тұра алды. Жиналған жұртшылық мұз құрсауын ерітуге қабілетті махаббат күшіне толы оқиға желісін үлкен қызығушылықпен тамашалады. Сахналық қойылым би және әндердің сүйемелденуімен өтті. Барлық рөлдерді кітапхана қызметкерлері мен оқырмандары шебер ойнап шықты. Қойылым көрермен жүрегіне жол тауып, жоғарғы бағаға ие болды.