СӨС клубының отырысы: «Балалардың жыныстық тәрбиесі»

22 қаңтар күні облыстық кітапханада №7 ЖОББББММ оқушылары арасында салауатты өмір салтын насихаттау бойынша «Салауатты өмір салты» клубының кезекті отырысы өтті. «Денсаулық» жастар орталығының қызметкерлері дәріскерлер Аипов Қ. Б., Арыстан Н. Е. «Жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығы» тақырыбында слайд-шоу көрсетіп, жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығының заманауи мәселелері туралы дәріс оқыды. Балалар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, өз пікірлерін айтты.

Дәріс соңында ұлы ақын Абай Құнанбаевқа арналған «Қазақстан», «Абай», «Руханият» атты кітап көрмелеріне шолу жасалды, экскурсия жүргізілді.