СӨС клубының отырысы: «Вирустық инфекциялардың алдын алу. Иммунитет»

С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхана биылғы "Жастар жылы" аясында жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау бойынша іс-шаралар өткізеді. 26 қарашада "Салауатты өмір салты" клубының отырысы өтті, онда Павлодар химия-механикалық колледж студенттері қатысып Павлодар қаласындағы №2 емхананың медицина қызметкері Тунник Инна Владимировна суық тию және вирустық аурулардың, жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың алдын алу бойынша әңгіме жүргізді. Іс-шарада студенттер адамның иммундық жүйесі туралы, қандай аурулар суық тиюмен бүркелетіндігін және вирусты инфекцияларға қалай қарсы тұру, дәрі-дәрмексіз суықтың алдын алу және емдеу, дұрыс тамақтануды ұйымдастыру мен өмір сүру сапасын жақсарту туралы білді.

Дәріс аяқталысымен студенттерге экскурсия жүргізіліп, "Денсаулыққа қамқорлық – ең үздік дәрі"атты әдебиетке шолу жасалды.