СӨС клубының отырысы: «Декарт квадраты - шешім қабылдау техникасы»

25 ақпанда «Салауатты өмір салты» клубының кезекті отырысы өтті. Іс-шараға психолог Каминская Ольга Александровна және №3 мектеп-гимназиясының оқушылары қатысты.

Сабақ «Декарт квадраты - шешім қабылдау техникасы» тақырыбы бойынша өтті. Техниканың мәні – төрт сұраққа жауап бере отырып, мәселені немесе жағдайды қарастыру. Бұл техника қалай жұмыс істейді? - Декарт квадраты жағдайды объективті қарауға, әрбір шешімнің салдарын анықтауға көмектеседі.
Оқушылар Декарт квадратының көмегімен болашақ мамандығын таңдауда саналы шешім қабылдады.

Тренинг аяқталғаннан кейін қазақтың ұлы ақыны, философ Абай Құнанбаевқа арналған «Қазақстан». «Абай». «Руханият» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.