Spelling Bee орфографиялық байқауы

24 қараша күні облыстық кітапханада «Үш тұғырлы тіл» жобасының аясында және жастар жылының қарсаңында жыл сайын өткізілетін Spelling bee орфографиялық байқауы өтті. Байқауға  жоғарғы оқу орындарының және колледждердің студенттері қатысты. Сайыс ағылшын тіліндегі сөздердің сауатты орфографиясы мен орфоэпиясына арналған. Қазылар алқасында:  Павлодар Мемлекеттік Педагогикалық Университетінің оқытушысы Дэн Дюонг, Инновациялық Еуразиялық Университет профессоры Гульмира Хамитова, С. Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік Университетінің оқытушысы Тэра Бранденбург және Лингваград тіл мектебінің директоры Анна Тонких болды.   

Биылғы байқауда 47 сайыскер бақ сынады. Нәтижесінде үш үздік топ жарды. Олар: Нұргүл Адамжанова (1-орын), Анна Жантемирова (2-орын) және Егор Литовченко (3-орын). Барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды, ал  жеңімпаздар бағалы сыйлықтарға ие болып қана қоймай, Астана қаласында өтетін финалға жолдама алды.