«Спорт білгірлері» желілік жобасы

Ағымдағы жылдың 12 мамырынан С. Торайғыров атындағы облыстық кітапхана көпшілік қауымның көңілінен шыққан «Спорт білгірлері» атты желілік жобаны жүзеге асырды. Жобаның шартты бойынша күн сайын спорт туралы 2 қызықты және танымдық сұрақтар қойылып, сондай-ақ, дәйексөздер де жазылды.

Бұл спорт ойын-викторинасы спортты жоғары бағалайтын қашықтықтағы пайдаланушыларға арналды.

Біздің пайдаланушылар мен жобаға белсенді қатысушыларға үлкен алғысымызды білдіреміз!

Біздің жеңімпаздар!
1 орын -Кабыкен Данара
2 орын -Мусабаева Динара
3 орын -Абенов Талгат

Құттықтаймыз!

Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі карантин режимі аяқталған соң облыстық кітапханада өткізіледі.