«Я ЖЕЛАЮ ТЕБЕ, АСТАНА...» АТТЫ СТЕНД-ФОРУМ ҚАЗАҚСТАН АСТАНАСЫНЫҢ 20 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ

6 шілде күні Павлодар қаласының төменгі жағалауында (Набережныйда) кішкентай қала тұрғындары үшін облыстық кітапхана Қазақстан астанасының 20 жылдығына арналған «Я желаю тебе, Астана...» атты стенд-форумын өткізді.Қала тұрғындары мен қонақтарының назарына «Астана - болашақтың қаласы / Астана – город будущего» атты кітап көрмесі, «От станицы до столицы» ойын панорама-сабағы, Астанаға тілек білдіруге арналған стенд, сондай-ақ балалар әдебиеті бөлімі оқырмандарының қолдарымен жасалған Астана қаласының архитектуралық құрылымдарының макет көрмесі ұсынылды. Балалар ата-аналарымен, ата-әжелерімен бірге Астана қаласына арнап үлкен түрлі-түсті шарларға тілектер жазып, әртүрлі тілдердегі өлеңдер оқып, ән айтты. Іс-шара қазақстандық патриотизмді тәрбиелеуге, Қазақстанның астанасы туралы білімді қалыптастыруға, елордамыздың тарихы мен сәулетімен танысуға және өз еліне деген махаббаты пен мақтанышына тәрбиелеуге ықпал етті.