«Street Books-Уличные Книги» әлеуметтік-жастар вело-жобасы

6 маусым күні облыстық кітапханада Жастар жылы шеңберінде «Street Books-Уличные Книги» әлеуметтік-жастар вело-жобасы жалғастырылды.

Жобаның негізгі мақсаты - әдебиетке қоғамның назарын аудару арқылы ашық ақпараттық кеңістік құру, жастардың әдеби талғамын тәрбиелеу. Кітапханашы-мамандар адамдар көп жиналатын орындарда - Ертіс өзенінің жағалауында, Павлодар қаласының орталық көшелерінде велосипедпен жүріп,  тұрғындарға павлодарлық авторлардың, отандық және шетелдік классиктердің шығармаларын, заманауи беллетристиканы және т.б. ұсынды.

Жобаны іске асыру мерзімі: 6 маусым - 6 тамыз.