Сүйікті кітаптардың хит-шеруі «Үздік-30»

22 сәуір күні С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада Халықаралық кітап және авторлық құқық күні мерекесі қарсаңында оқырмандар арасындағы сауалнама арқылы 30 танымал және сүйікті кітаптардың хит-шеруі «Үздік-30» құрастырылған іс-шара өтті. Оқырмандар мен студенттер бұл шараға үлкен қызығушылық танытты. Ең белсенді оқырман – Алтын Шайғалбасқызы Ахметоваға естелік кітап сыйға берілді.

Іс-шараға облыстық кітапхананың белсенді оқырмандары, қызмет көрсету және тамақтану колледжі студенттері және олардың оқытушылары қатысты.