«Сұлтанмахмұт Торайғыров жастар көзімен» атты әдеби конференция

29 шілде күні Баянауыл ауданы Торайғыр ауылында қазақтың белгілі ақыны Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 130 жылдық мерейтойы аясында облыстық кітапхананың ұйымдастырумен «Сұлтанмахмұт Торайғыров жастар көзімен» атты әдеби конференция өтті. Конференция барысында кітап көрмесі қойылып, ақынның жалынды өлеңдері оқылды.