Сұлтанмахмұт Торайғыровты еске алу күні

21 мамырда С.Торайғыров ескерткішінің жанында дәстүрге айналған ақынды еске алу күні өтті. Сұлтанмахмұт Торайғыров - қазақ халқының сүйікті перзенті, асқан дарынды ақыны, ағартушы. Аз жасаса да, соңынан мейлінше аса бай әдеби мұра қалдырған классик ақын. «Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болуды» арман еткен бүкіл ғұмырын халық ағарту ісі мен шығармашылығына арнаған. Қазақ халқының сан өнерінің падишасы С.Торайғыровты еске алып, құрмет көрсетіп, гүл шоқтарын қою шарасына кітапхана қызметкерлері қатысты.