Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы іс-шаралар жайлы

(Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті және Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы Н.А.Бекжановпен кездесу)

27 тамызда онлайн-форматта Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті және Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы Н.А.Бекжановпен кездесу өтті, кездесу барысында мемлекет қызметкері қатысушыларды «Парасат жолы» орталығының атқарған жұмысымен таныстырды. Ақпараттық-ағарту штабының жетекшісі Ж.Е. Жұмабайұлы алдағы жұмыстың жоспарлары мен міндеттері туралы айтып берді. Онлайн-кездесуге «Ертіс – адалдық алаңы» ӨБ басшысы Р.А. Исабеков, ақпараттық-ағарту штабының басшысы Ж. Е. Жұмабайұлы, С.Торайғыров атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхананың басшысы Ш. Б. Шахметова және кітапхана мамандары қатысты.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша облыс кітапханаларының жұмысына жақсы баға берілді. С.Торайғыров атындағы ОӘҒК басшысы Ш.Б. Шахметова ҚР Мемлекеттік қызмет істері және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаменті және Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының алғыс хатымен марапатталды.