СЫЙҒА ТАРТҚАН КІТАПТАР

Кітапхана қорына қаламгер Жібек Досбайдың «Жылдар – ойлар» кітабы табысталды. Алматыдан ақын, ҚЖО мүшесі Бағдат Дүйсенов арнайы жолдаған кітапта қазақтың көрнекті ақыны Қ. Бекхожиннің шығармашылығына арналған мақалалары топтастырылған.

«Поэзия тербетеді жүрегімді, өлсем де өлеңімді айтып өтем», - деп жырлап кеткен Қалижан Бекхожинның поэзиялық туындыларының  тақырыптық, көркемдік, фольклорлық негізін жан-жақты зерттеп, әдебиет, тарих, тіл саласы мамандырына, жалпы руханият мәселесіне немқұрайды қарамайтын көпшілік қауымға арналған кітап өз оқырманын күтуде.

Кітапхана атынан Бағдат Дүйсеновке құнды еңбекті сыйға табыстағанына шексіз алғысымызды білдіреміз!