«Сүректердің құрылысы және қасиеттері»

29 мамыр күні облыстық кітапханада «Өрлеу» клубының отырысы өтті. Дарынды балаларға арналған №8 мектеп – лицей оқытушысы, еңбек технологиясы бойынша шебер Нұрқат Оқан Павлодар түсті металлургия колледжінің студенттерін сүрек және сүрек материалдарымен жұмыс жасау ережелерімен және тәсілдерімен таныстырды.

Оюлы бұйымдарды жасау ағаш, оның қасиеттері, сапасы, қолданылуы және өңделуі туралы белгілі білімді қажет етеді. «Подготовка материала для работ по дереву» атты бейнеролик көрсетілді. Мысал ретінде қолдан жасалған ыдыс – аяқ үлгілері таныстырылды. Балалардың назарына библиографиялық шолу және кітапхана бойынша экскурсия ұйымдастырылды.