Сұлтанмахмұт Торайғыровты еске алу кеші

27 қазан күні облыстық кітапханада «Истоки» клубының шеңберінде ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы, біртуар тұлға Сұлтанмахмұт Торайғыровты еске алу кеші өтті.

Клуб мүшелері Н.Млынцева, Т.Панченко, М.Кохнович кеш қонақтарымен акын-жазушының өмір жолы және шығармашылығы туралы ақпараттарымен бөлісті. Б. Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжінің студенттері мен Ж. Садыков жерлесіміздің өлеңдері мен жақында жарық көрген «Звезда по имени Султанмахмут» жинағынан шығармалар үзінділерін оқыды.