Сәтбаев сабақтары

25 қыркүйекте облыстық кітапханада Сәтбаев сабағы өтті. ПМПУ тарихы кафедрасының доценті Қанафин Қанат Қинаятұлы көркем сурет колледжінің студенттеріне Қ.И.Сәтбаевтың шығармашылық, қоғамдық және ұйымдастырушылық қызметі туралы ақпарат берді. Студенттер «Звездная личность нации и эпохи» фильмін тамашалады, танымал ғалымның өмірі мен шығармашылығы туралы құжаттар мен материалдар жинақталған «Академик Қаныш Сәтбаевтың залымен» танысты.