«Табиғи егін шаруашылығы»

4 наурызда облыстық кітапханада 8 Наурыз – әйелдер мерекесіне және таза төзімді көшет өсіру тақырыбына арналған «Наш очаг» бағбаншылар клубының отырысы өтті.

«Сияние земли» Табиғи егін шаруашылығы орталығының кеңесшісі Е.А. Варава топырақтың қарашірікті қабатын жақсартуға және тамырлар жүйесінің ауа алмасуына әсер ететін жабындау әдісі пайдаланылатын табиғи егін шаруашылығы әдістері жайында мазмұнды және пайдалы ақпарат берді. Бұл әдістерді бағбаншы Екібастұз қаласында орналасқан өзінің тәжірибелік телімінде тексерді. Клуб ардагері З.Н. Давыдова «саңылаулау» принциптерін пайдалану, өзінің жер телімінде топырақты оттегімен байыту үшін арнайы жырашықтарды жасаудағы жеке тәжірибесімен бөлісті.